22 қыркүйек 2020 | 07:21

Атырауда мүгедек балаларды ұрған тәрбиешілер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда мүгедек балаларды ұрған санитар әйелдер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Azh.kz басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атырауда мүгедек балаларды ұрған санитар әйелдер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Azh.kz басылымына сілтеме жасап.

2019 жылғы наурызда психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиешілері мүгедек балаларды ұратыны белгілі болды. Алайда Атырау облысының Полиция департаменті жыл бойы тергеу жүргізіп болған соң қылмыстық істі тоқтатты. Кейін қайта қолға алынды. Тамызда Атырау қаласының № 2 соты екі тәрбиешіге қатысты үкім шығарды.

Еске салайық, 2019 жылғы наурызда прокуратура мектеп-интернаттағы бейнебақылау камераларын тексерген кезде балаларды ұрып-соғу дерегі анықталған. Прокурорлар тәрбиешілер балаларды ұрып қана қоймай, сонымен бірге жұмыс істеуге мәжбүрлегенін айтты. Олар балаларды ұзақ жылдар бойы ұрып келген.

Алдымен ҚР ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігіне сәйкес ("Кәмелет жасына толмаған баланың тәрбиесіне байланысты міндеттерді орындамау, қатаңдық көрсету") интернаттың 9 қызметкеріне қатысты тергеу басталған. Жыл өткен соң Атырау облысы ПД "Қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің өтіп кетуіне" байланысты қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлады. Бұдан қоғамдық наразылық туындап, шу шықты. Сонда Дариға Назарбаева істі өзі бақылап, кінәлілер заңға сәйкес жазалануы керегін айтты.

Соңында сот алдында палатадағы санитар әйелдер жауап берді. 21 тамызда шыққан сот үкіміне сәйкес, балаларды ұрған санитарлар үш жыл алты ай бас бостандығынан айырылды және 2 жылға балалармен жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети