30 наурыз 2019 | 16:26

Атырауда мүгедек балаларды ұрып-соққан мектеп-интернаттың басшылығына қатысты тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы мектеп-интернат басшылығына қатысты қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысындағы мектеп-интернат басшылығына қатысты қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың тапсырмасымен мектеп-интернат басшылығының тарапынан қол көтеру жағдайына байланысты қызметтік іс жүргізетін комиссия құрылды және қылмыстық қудалау, оның ішінде жұмыстан босату туралы шешім қабылданады. 

"Қазір прокуратура қол көтерген тәрбиешілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл жабайылық және біз бұған тосқауыл қоюымыз керек, алдымен мектеп-интернаттардың басшылығын тексерген жөн, бұл өз қызметтеріне салғырт қарау. Барлығын тексеріп, қатаң жазалау керек", - деп тапсырды Серік Шапкенов комиссия жиынында.

Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары мүмкіндігі шектеулі балаларды қадағалайтын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасы басшысының орынбасарына сөгіс жариялауды тапсырды.

"Комиссия құрамына қоғам белсенділері кіреді, осы комиссияға кез келген мекемені кез келген уақытта қадағалап, тексеру құқығы берілуі тиіс, ерекше балаларды оқытуды жеке қадағалаған жөн",- деді Шапкенов.

Еске салайық, мұның алдында Атырауда тәрбиешілердің мүгедек балаларды ұрып, жұмысқа салып қойғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети