Атырауда өзенге үш жасөспірім батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда өзенге үш жасөспірім батып кетті Видео кадры

Атырауда 2008 жылы туған үш ұл Жайық өзеніндегі жабдықталмаған жерде суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.


Атырауда 2008 жылы туған үш ұл Жайық өзеніндегі жабдықталмаған жерде суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында 3 баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түскен.

Оқиға орнына жеткен кезде 2008 жылы туған балалар белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға батып кеткені анықталған. Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің денесін судан шығарды.

Үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасатын болады.

Атырау облысы ТЖД 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети