Атырауда полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған жігітті шатырдан түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған жігітті шатырдан түсіріп алды видео кадры

Атырауда полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLISIA.KZ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLISIA.KZ мәліметіне сілтеме жасап.

1 ақпанда сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама берген.

"Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жолдығалиұлы Серік, полиция аға лейтенанты Жақсыбаев Нұрсұлтан, учаскелік полиция инспекторлары – полиция лейтенанты Сабырғалиев Бағытжан Бауыржанұлы мен полиция капитаны Сапашев Ерболат Кенжебайұлы жедел жетті.

Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети