12 қаңтар 2017 | 17:52

Атырауда трансұлттық ұйымдасқан топ мүшелері сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© udised.err.ee © udised.err.ee

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында заңсыз көші-қон жолын ұйымдастырған қазақстандық және ресейлік бес азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында заңсыз көші-қон жолын ұйымдастырған қазақстандық және ресейлік бес азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олар 2015 жылдың қазанынан 2016 жылдың наурыз айы аралығында Ауғанстан Ислам Республикаларының азаматтарын транзитпен Қазақстан, әрі қарай, Мурманск облысындағы "Солтүстік маршрут" - деп аталатын Ресей-Финляндия шекарасы арқылы арқылы Ресей және Еуропалық Одақ елдеріне жеткізіп отырған.

Атырау облысының ҰҚКД өкілдері шетел азаматтарын арнайы жасақталған жоспар бойынша тасымалдағанын және қылмыстық топтың барлық мүшесінің атқаратын міндеттері нақты бөлінгенін анықтаған. Шетел азаматтарын арнайы тасымалдау үшін оларды Қазақстан-Ресей шекарасына жеткізетін такси жүргізушісін жалдаған. Қылмыстық топтың басшысы Р.Ж. және тергеуде анықталмаған Ресей Федерациясы мен Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары болған.   

Сот үкімімен төрт сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 264-бабы ("Трансұлттық ұйымдасқан топты құру"), 394-бабымен ("Заңсыз көші-қонды қылмыстық топ арқылы жасау") кінәлі деп танылды.

Аталған баптар бойынша сотталушы Р.Ж.-ға түзеу колониясының қатаң режимінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, қалған сотталушылар А.Т., К.К., О.М.-ға мүліктерін тәркілене отырып, түзеу колониясының жалпы режиміне 8 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Такси жүргізушісінің рөліндегі тағы бір сыйбайлас А.Б.-ға адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети