Атырауда түнде базардан өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда түнде базардан өрт шықты Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Атырауда түнде базар өртеніп, оны сөндіруге 150-ден аса адам жұмылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда түнде базар өртеніп, оны сөндіруге 150-ден аса адам жұмылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 19 желтоқсанда сағат 01.41-де Атырауда "Дина" сауда базарының аумағында жалпы ауданы 3 420 шаршы метр өрт шыққан.

Өртсөндірушілер оқиға болған жерге келгенде, сауда базары толықтай отқа оранғаны анықталған.

"Өрт сағат 04.25-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зарап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖ департаменті (63 қызметкер, 11 дана техника), "Өрт сөндіруші" АҚ (3 қызметкер, 1 бірлік техника), Полиция департаменті (50 қызметкер, 20 бірлік техника), 5546 әскери бөлімі (52 әскери қызметкер, 3 бірлік техника) жұмылды", - делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети