05 желтоқсан 2022 13:27

Атырауда зейнеткер мен немересі мұз астына түсіп кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында зейнеткер немересімен серуендеп жүріп мұзға құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау облысында зейнеткер немересімен серуендеп жүріп мұзға құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға 4 желтоқсанда болған.

"Департаменттің диспетчерлік пультіне кеше, жергілікті уақытпен сағат 20:49-да Атырау қаласындағы Жұмыскер ауылының тұсында Жайық өзенінің мұзы ойылып, ер адамның суға батып кеткені жөнінде шақырту түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының сүңгуірі сағат 21:10-да Жайық өзеніне батып кеткен 72 жастағы ер адамның денесін тауып, судан шығарды. Ал 10 жастағы баланы оқиға куәгерлері құтқарып қалған", - деп хабарлады департамент өкілі.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының үш сүңгуірі мен бір техникасы жұмылдырылғаны хабарланды.

"Тұрғындарға ауа райының құбылуына байланысты Жайық өзенінде мұз әлі қалың емес екендігін ескертеміз. Қазір өзен жағасында мұздың қалыңдығы небәрі 3-4 см құрайды. Өзеннің ортасында мұз әлі қалың емес. Мұз үстіне шығу өмірге қауіп төндіреді", - деп мәлімдеді департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети