Атыраудағы балалар үйіндегі дау: Желіде тәрбиеленушінің жылаған видеосы тарады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© azh.kz © azh.kz

Атырауда "Шаңырақ" балалар ауылына қатысты дау жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда "Шаңырақ" балалар ауылына қатысты дау жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай видеолардың бірі - қоғам белсендісі Нұрлан Жунасовтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Белсендіге сұхбат берген балалар ауылының бұрынғы тәрбиеленушісі ұрып-соғу жағдайын растады.

"Бұрынғы директордың кабинетінде балаларды ұратын. Қыз балаларды жазалау мақсатында шешіндіріп, ішкиіммен ғана фойеде жүргізетін. Комиссия келетін кезде ғана таза киім кигізетін", - деген есімін жасырған сұхбат беруші.

Балалар ауылына қатысты даудың өршуіне байланысты Атырауға Президент жанындағы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева келді.

Ол отбасы үлгісіндегі "Шаңырақ" балалар ауылына барып, жағдаймен танысты. Даулы жағдайға байланысты Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пікір білдірді.

"Түйген ойым, соңғы жағдайлар ұжымда бұрын қызмет етіп кеткен жұмысшы мен бұрынғы басшы арасындағы келіспеушіліктердің нәтижесі. Салдарынан балалар зардап шегіп отыр. Екіншіден, баланы өзіне тартып, түрлі видео таратудың артында баланың құқығын шектеу мәселесі тұр. Бұл балалар мемлекеттің ерекше қорғауында болғандықтан, олардың құқығы қорғалады. Үшіншіден, "Шаңырақ" балалар ауылына жаңа директор тағайындалады. Қазіргі уақытта конкурс жарияланды. Педагогика саласында мол білімі мен тәжірибесі бар мамандарды осы конкурсқа қатысуға шақырамын", - деп жазды Жасұлан Бисембиев.

Одан бөлек, "Шаңырақ" балалар ауылындағы бейнебақылау жүйесі күшейтіліп, камералар тікелей Білім беру басқармасына қосылатыны айтылды.

Айта кетейік, жыл басында "Шаңырақ" балалар ауылы директорына қатысты даулы видеолар тарады. Онда тәрбиеленушілер "Шаңырақ" балалар ауылының директоры өздерін үнемі ұрып-соғатынын айтқан еді. Қазір Полиция департаменті іс қозғап жатыр. "Шаңырақ" балалар ауылының бұрынғы директоры Гүлсара Ботатаева бірнеше айдан бері қызметінен шеттетілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro