07 желтоқсан 2024 | 10:38

Атыраудағы базарда сібір жарасының белгілері ​анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Ақ Жайық" "Ақ Жайық"

Атыраудағы "Дина" базарында сібір жарасының белгілері ​анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Атыраудағы "Дина" базарында сібір жарасының белгілері ​анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Қаладағы ең ірі сауда орны "Дина" базарын тексеру барысында сібір жарасының бактериялары анықталды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.

Бактериялар пышақты жуған кезде табылды. Ет сатылған павильон уақытша жабылып, дезинфекциялау шаралары жүргізіліп жатыр.

Ведомство мәліметінше, экспресс тестілеу ауру қоздырғыш барын растады. Зерттеу қорытындысы шыққанша павильон жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды. Барлық қажет дезинфекциялық шара санитариялық нормаларға сәйкес жүргізіліп жатыр. Павильонда жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің тізімі жасалды, олар 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады.

"Бұған дейін санитариялық қызмет мамандары қаладағы 65-тен аса сауда орнын тексеріп, зерттеуге алынған 700-ден аса сынама нәтижесі расталған жоқ. Алайда қайта тексеру кезінде қосымша сынамалар алынып, олар қазір ұлттық сараптама орталығында тексеріліп жатыр. Олардың нәтижесі жақын күндері белгілі болады", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.

Қала тұрғындарына ветеринарлық бақылаудан өткен етті сатып алуға, тағамды кем дегенде 70°C температурада мұқият пісіруге, шикі етті ұстағаннан кейін қол мен пайдаланған құралдарды мұқият жууға, шығу тегі белгісіз ет немесе жеткіліксіз термиялық өңдеуден өткен өнімдерді жемеуге кеңес беріледі.

"Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды, тек жануарлардан немесе олардың өнімдерінен жұғатынын есте ұстаған жөн. Қазір эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр", - деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, 12 қарашада Атыраудағы мал базарында бір сиыр өліп, одан "сібір жарасы" анықталды. Кейін "Асыл-Агро" мал сою цехының жұмысшысы аурудың теріге шығатын түрін жұқтырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда жаңа көпір ашылды
Қазақстанда ұрлық азайған
Қырғызстанда жер сілкінді
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 517.74  course up  545.31  course up  5.05  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer