04 тамыз 2015 | 09:24

Атыраудағы елордалық мұнай компаниясы қызметкерінің ұрлануы аудитпен байланыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аuditetigel.pro © Аuditetigel.pro

Атыраудағы елордалық ірі мұнай компаниясының қызметкерінің ұрлануына аймақтық филиалдың жетекшісінің қатысы болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".


Иконка комментария блок соц сети

Атыраудағы елордалық ірі мұнай компаниясының қызметкерінің ұрлануына аймақтық филиалдың жетекшісінің қатысы болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Полицейлер оқиға туралы мәлімет бермеді. Дегенмен құқық қорғау органдары дереккөздерінің бірі өз нұсқаларын жариялады: "Жәбірленуші Атырауға қызметтік іссапармен келіп, ол филиалда аудиттік тексеріс жүргізген. Маман сол жерден заң бұзушылықтарды анықтайды. Бұл уақытта демалыста болған басшы аудиторды "сөйлесу үшін" ұрлап әкелуге тапсырма береді", - деп жазылған дереккөзде.

Сонымен қатар, жәбірленуші мен директор арасында ақшаға байланысты жанжал туындағандығы туралы да ақпарат бар.

Еске сала кетейік, 22 шілдеде полицияға ер адам хабарласып, екі ер адамның Атырау әуежайынан өзінің танысын, яғни Астанадан Атырауға іссапармен келген адамды ұрлап әкеткендерін айтады. Қылмыскерлер автомобиль ұрлап, ішіне астаналықты отырғызып қойған. Олар ұрлаған адамдарын тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан.

Полиция 31 және 24 жастағы екі адамды ұстады, олар қамауға алынды. "Адам ұрлау" және "Автомобильді пайдакүнемдік мақсатсыз заңсыз иемдену" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети