Атыраудағы жын шығару сәтінің видеосын полиция тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраудағы жын шығару сәтінің видеосын полиция тексеріп жатыр видео кадры

Әлеуметтік желілерде Атырауда өзін емші деп таныстырған ер адамның тоғыз жастағы қыздан жынды шығару рәсімін жасағаны көрсетілген бейнеролик тарады. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл бейнежазбаға Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Атырауда өзін емші деп таныстырған ер адамның тоғыз жастағы қыздан жынды шығару рәсімін жасағаны көрсетілген бейнеролик тарады. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл бейнежазбаға Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнероликте еденде жылап жатқан қызды екі ер адам ұстап тұрғаны және олардың бірі қызға сұрақтар қойғаны түсірілген. Видео жазбада тоғыз жастағы қызға Ляззат есімді 19 жастағы қыздың рухы енгені айтылған.

Қазнетте жарияланған роликке қазақстандықтар наразылық білдірді.

"Қорқынышты, бұл орта ғасыр ма? Қандай жын шығару? Қандай рәсім? Бейшара қыз, жылап жатыр", "Бұл не? Қыз өмір бойына жарақат алатын болды", - деп пікір қалдырды адамдар.

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева да Instagram-парақшасында видеоға қатысты өз пікірін білдірді.

"Бұл оқиға бойынша ІІМ, өңірлік уәкілдермен жұмыс істеп жатырмыз. Алдын ала емшінің кім екенін және баланың қайда екенін анықтадық. Ақпарат тексеріліп, барлық жағдай анықталып жатыр", – деп жазды ол.

Атырау облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айжан Сарсембаева "Ақ Жайық" газетіне берген сұхбатында қыздың Алматы қаласында тұратынын, сондықтан бұл іс Алматы облысындағы уәкілдің қарауында екенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта емшінің Атырау облысында тұратыны белгілі, бірақ ол ел аумағында гастрольдік сапарлармен қызмет көрсетеді", – деп қосты ол.

Құқық қорғау органдары емшімен әңгіме өткізгені белгілі. Алайда ол қыздың есімі мен тегін есіне түсіре алмады, өйткені ол оның көптеген "науқастарының" бірі ғана болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети