Атыраудың бұрынғы әкімі үйқамаққа ауыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраудың бұрынғы әкімі үйқамаққа ауыстырылды Фото:azh.kz

Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды. Бұған дейін ол қамауға алынған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды. Бұған дейін ол қамауға алынған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысы сотының баспасөз қызметі облыс прокурорының өтініші бойынша бұрын қамауға алынған экс-әкімге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілгенін хабарлады.

"Атырау мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 11 қарашадағы қаулысы бойынша, Қ. Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Атырау облысы прокурорының өтініші бойынша Атырау мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысы бойынша, Қ. Оразбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы оның денсаулық жағдайына байланысты үйқамаққа ауыстырылды", - делінген Атырау мамандандырылған тергеу сотының ақпаратында.

Еске салайық, Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаевтың ұсталғаны былтырғы қарашада белгілі болды. Сол кезде прокуратура алаяқтық белгілері бойынша Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети