Атырауға бара жатқан пойызда нәресте дүниеге келді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауға бара жатқан пойызда нәресте дүниеге келді Tengrinews.kz

Аққыстау-Атырау учаскесінде Астрахань-Атырау бағытындағы №626 жолаушылар пойызының қызметкерлері жолаушыны босандырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аққыстау-Атырау учаскесінде Астрахань-Атырау бағытындағы №626 жолаушылар пойызының қызметкерлері жолаушыны босандырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кенжегүл Қайырболатова Ганюшкинодан Атырауға бесінші вагонмен келе жатқан. Ганюшкино станциясынан шыққаннан кейін таңғы сағат 5-те Кенжегүлдің толғағы басталды. Пойыз басшысы Сәуле Ілиясова бастаған пойыз бригадасының қызметкерлері қажет шаралар қабылдап, нұсқаулыққа сәйкес машинисті хабардар етіп, жедел медициналық жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақырды", - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін жолсеріктер - Мырзагүл Қаражігітова, Марияш Оразғалиева және Лаура Камалова сағат 05:30-да вагонда қыз босанған жас анаға қажет көмек көрсетті.  

Сәуле Ілиясованың айтуынша, жолаушылар тасымалында жұмыс істеген 15 жыл ішінде ол осындай жағдайға алғаш рет тап болған. 

"Компаниямызда стандартты емес жағдайларда әрекет етуге үйретеді және біз әрқашан жолаушыларымызға көмек көрсетуге дайынбыз", - деді Сәуле Ілиясова.

Атырау станциясына келгеннен кейін жаңа туған сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап алған.

Кенжегүл Қайырболатова көмек көрсеткендердің бәріне алғыс айтты:

"Мен бірінші кезекте бала үшін алаңдадым. Пойыздың барлық қызметкеріне осындай төтенше жағдайда маған көмектескені үшін алғысымды білдіргім келеді. Қызым өскенде айтып беремін", - дейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети