Атыраулық менеджерге халықаралық іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық менеджерге халықаралық іздеу жарияланды © Tengrinews.kz

Атырау облысы кәсіпорындарының бірінің менеджері аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деген күдікпен іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы кәсіпорындарының бірінің менеджері аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деген күдікпен іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Karachaganak Support Service" ЖШС бизнес-менеджері Б.К. Меңдіғазиевке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Іздестіру аса ірі мөлшерде бюджетке салық төлеуден жалтару, сондай-ақ "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, қатысу" деректері бойынша жүргізіледі", - делінген ҚМК хабарламасында. 

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қашып кеткен, осыған байланысты қазіргі уақытта халықаралық іздеу жарияланды.

"Тергеу әрекеттері аясында "Karachaganak Support Service" ЖШС кеңсесінде және оның тұрғылықты жері бойынша соттың санкциясымен тінту жүргізілді. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети