Атышулы қазақстандық блогер бостандыққа шықты. Ол Мәскеуде пранк жасағаны үшін сотталған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атышулы қазақстандық блогер бостандыққа шықты. Ол Мәскеуде пранк жасағаны үшін сотталған видео кадры

Мәскеуде 3,5 жылға сотталған атышулы блогер Айдын Тусупов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде 3,5 жылға сотталған атышулы блогер Айдын Тусупов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері растады.

"Айдын тусупов 2023 жылғы 14 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-нің 1-нөмірлі мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Тұрғылықты жері бойынша Қарағанды қаласына кетті", - деп жауап берді редакцияға ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, редакцияға Тусуповтың бостандыққа шыққан сәтінің видеосы жіберілген.

Айта кетейік, 2021 жылы наурызда блогер Айдын Тусупов, Рамир Хасанов және Ерсін Дүмшебай Мәскеуде премиум-класс таксиді шақырған. Жүргізуші олардың өтініші бойынша жүктерін багажға салып жатқан кезде блогерлердің бірі жолаушының орнына, екінші жүргізушінің орнына отырып, көлікті айдап кетіп қалған болатын. Үшіншісі сырттан видеоға түсіріп тұрған. Бірнеше минуттан кейін олар қайтып келіп, жүргізушіге бұл пранк екенін айтқан.

Сол күні қазақстандықтар ұсталды. Қарашада Мәскеудің аудандық соты қазақстандық блогерлерді 3,5 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети