09 қазан 2014 | 18:14

Атышулы постер авторлары консерваториямен ымыраласа алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматыда Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген атышулы постерді жасаушыларға қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген атышулы постерді жасаушыларға қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотқа моральдық шығын өтеу туралы талап арызды Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен оқытушылары және композитордың атындағы оркестр музыканттары берген болатын. Талап арызға 34 адам қол қойды, олардың әрқайсысы бір миллион теңгеден талап етіп отыр. Талапкерлер арыз қанағаттандырылған жағдайда қаражатты консерваторияның есепшотына аударуды сұрайды.

Сот отырысы барысында судья тараптарға бейбіт келісімге келуді ұсынды. Жауапкер - Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігі дауды шешуге дайын екенін айтты. Бірақ арызданушылардың адвокаты Нұртас Ахметов өз қорғауындағы адамдардың бейбіт келісімге келуге ниетті емес екенін және олардың моральдық шығын өндіруге тырысатынын мәлімдеді. 

Жарнама агенттігінің адвокаты талап арыздың кейбір жайттарын анықтауға тырысты. Жохар Өтебеков міндетті мемлекеттік бажды 34 арызданушының біреуі ғана төлегенін алға тартты.

Адвокат қорғаушы тараптың талап арыз бойынша бірнеше сұрағы бар екенін айтты. "Олардың бірі мынадай: "Республикалық БАҚ-тардың бірінде кешірім сұрау". Мұны қалай түсінуге болады? Адамның, ұйымның жауапкер ретінде ерік бостандығы бар. Адамды кешірім сұрауға мәжбүрлеуге болмайды, онда одан тізерлеп кешірім сұрауды да талап етуге болады. Мұндай талап, құқықты қорғаудың мұндай әдісі - кешірім сұрату ешбір заңда қарастырылмаған", - деді Өтебеков.

Заңгердің айтуынша, адвокаттың негізгі дәйегі - талапкерлер өтемақы талап ете алмайды. "Олардың сотқа шағымдану құқығы бар, бірақ сонымен бірге моральдық шығынды өтеуге жағдай жасау да бар. Жауапкер консерватория оқушылары мен оркестр музыканттарын кемсітуді ойлаған емес. Олардың зардап шегуі, уайымдауы мүмкін. Бірақ заң үшін оның еш айырмасы жоқ, өйткені олар өздеріне қарсы заңбұзушылық жасалған кезде ғана қорғана алады", - деді адвокат.

Отырыста студенттер мен оқытушылардың өкілі талап арызға өзгеріс енгізуге және талапкерлердің барлық талабын нақтылауға уәде берді. Бірақ процестен соң ол БАҚ үшін түсінік беруден бас тартты. Келесі отырыс 13 қазанда өтеді. 

Пушкин мен Құрманғазының сүйіскені бейнеленген постер авторлары бұған дейін де сотталған болатын. Ол кезде арызданушы Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы болды. Жарнама агенттігінің жетекшісіне 129 640 теңге (70 АЕК) көлемінде, компанияның өзіне 185 200 теңге (100 АЕК) көлемінде айыппұл салынды. Адвокаттар соттың шешіміне апелляциялық шағым келтірді.

Еске сала кетейік, "Студия 69" клубын жарнамалайтын принт 24 тамыз күні әлеуметтік желілерде тарала бастады. Бұл жұмыс қоғам мүшелерінің наразылығын туғызды, олар постер авторларын жауапкершілікке тартуды сұрап, полицияға шағымданды. Айта кетейік, компания ресми түрде кешірім сұрап, Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген принттің еш жерде жарияланбайтынын, оның тек байқауға қатысу үшін ғана жасалғанын атап өтті. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети