Астраханда тонау туралы атышулы видеода жүрген Атырау облысындағы ауыл әкімі сайлауда жеңіліп қалып, қызметінен кетті. Бұл туралы "Ақ Жайық" хабарлады.
Астраханда тонау туралы атышулы видеода жүрген Атырау облысындағы ауыл әкімі сайлауда жеңіліп қалып, қызметінен кетті. Бұл туралы "Ақ Жайық" хабарлады.
"14 тамызда Атырау облысындағы кейбір ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы өтті, оның ішінде Құрманғазы аудандық Сафонов ауылының әкімінің де сайлауы болды. Мұнда үміткерлердің арасында қазіргі әкімі Есенбек Сатылғанов та болды", - деп жазады басылым.
Құрманғазы аудандық әкімдігінің аппарат жетекшісі Нұрлыбек Қалиевтің айтуынша, Сафонов ауылдық округінің әкіміні қызметіне үш адам үміткер болды: Роза Хамзаева, Асылбек Әнесов және Есенбек Сатылғанов. Сайлауда аудандық мәслихаттың 13 депутаты дауыс берген. Сайлау қорытындысы бойынша Роза Хамзаева жеңіп шығып, әкім болды.
Сөйтсек, Сатылғанов бірде-бір дауыс жинамапты. Сонымен қатар, Қалиев Астраханда болған оқиға тәртіптік кеңесте қарала ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.
"Бұл қашан болды, Сатылғанов еңбек демалысында еді. Ол жұмысқа 10 тамызда шығуы тиіс болған, сайлауға бірнеше күн бұрын, бірақ сол күйі шыға алмады - денсаулығына байланысты жұмысқа шықпады. Тәртіптік кеңес адам жұмыста болса ғана қаралады. Сонда ғана одан түсініктеме алынып, кейінгі тексеріс жүргізіледі. (...) Бұл азаматтың әрекеті мемлекеттік қызметшінің моральдық және этикалы нормаларына сәйкес келмейді. Оның үстіне мұнда мәселе ұрлық жайлы болып тұр", - деді Қалиев.
Есенбек Сатылғанов ауыл әкімі болып тағайындалғанға дейін орта мектепте мұғалім болған, кейін директордың орынбасары қызметінде болған, "Нұр Отанның" Сафоновка ауылындағы партиялық ұйымының төрағасы қызметінде болды.
Еске салайық, Атырау облысының ауыл әкімі ұрлығын мойындағаны түсірілген видео жарияланған еді. Видео сипаттамасында оқиғаның Астраханда болғаны айтылады.
"Бұл бір келеңсіз жайт болды. Бауырыммен және басқа да туыстарыммен бірге Астраханға барған едім. Шаруаларыммен жүрген кезде бауырымның айналасында бір топ адамның жиналып тұрғанын байқадым. Шу шығып жатты. Жақындап келіп, не болғанын сұрадым, сөйтсем бір келеңсіз жайт болған екен. Мені видеоға түсіріп алыпты. Ешқандай да ұрлық болмады. Болса, құқық қорғау органдары тіркейтін еді. Түсінбеушілік болды. Бастапқыда бірдеңе ұрлады деді, кейін кешірім сұрады", - деді әкім Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Ал Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұл оқиға бойынша ешкімнің құқық қорғау органдарына хабарласпағанын айтты.