Атырау облысында балықтың жаппай қырылуына кімнің жауап беретіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында балықтың жаппай қырылуына кімнің жауап беретіні белгілі болды Видеодан алынған кадр © КТК

Атырау облысында балықтың жаппай қырылуына қатысты тергеу ісі аяқталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында балықтың жаппай қырылуына қатысты тергеу ісі аяқталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, жарты жыл бойы жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде "Атырау су арнасы" мекемесіне айып тағылып, іс сотқа жолданады.

Бастапқыда бұл дерекке қатысты екі мекеме - "Атырау жылу электр орталығы" мен "Атырау су арнасы" күдікті деп танылған еді. "Жылу электр орталығы" өзінің кінәсін мойындап, табиғатқа келген шығын көлемін өтеуіне байланысты тергеу ісі қысқартылыпты.

Ал "Атырау су арнасының" Жайыққа су ағызатын нүктесінен сынама алған экологтар онда хлоридтің рұқсат етілген мөлшерден төрт есе көп екендігін анықтап, істі тиісті орындарға тапсырған болатын. Бірақ олар мұнымен келіспей, осыншама көлемдегі балықты қырып тастау үшін Жайық өзеніне 13 мың тонна хлор құю керек деп шу шығарған екен. Енді тағылған айыпқа қатысты қандай да бір түсінік беруден бас тартып отыр. Пікірлерін сот процесі біткен соң айтпақ.

"Қазір сараптамалардың барлығы аяқталды. Айып тағып, істі сотқа жолдаймыз. Қазір тергеушілер техникалық жұмыстарды аяқтап жатыр", - дейді облыстық полициясының бастығы Cерік Жанұзақов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети