Атырау облысында кафенің иесін ұрып кеткен полицейлер сотталады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында кафенің иесін ұрып кеткен полицейлер сотталады ©Турар Казангапов

Атырау облысында жұмысынан шығып қалған екі полиция қызметкері бұзақылық жасағаны үшін сотталады. Тергеу материалдарына сәйкес, олар кафе иесіне жеке мәселелері бойынша шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында жұмысынан шығып қалған екі полиция қызметкері бұзақылық жасағаны үшін сотталады. Тергеу материалдарына сәйкес, олар кафе иесіне жеке мәселелері бойынша шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға шілдеде Құрманғазы ауданындағы кафелердің бірінде болған. Желідегі кадрлердегі төбелестің бел ортасында жүрген екі жігіт Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің майор шеніндегі қызметкерлері.

Куәгерлердің айтуынша, кафеден шыққан полицейлер ақша төлеуден бас тартқан көрінеді. Оған қарсылық білдірген олар дәмхана иесін ұрып, тіпті іштегі жиһаздарды да сындырған. Ақырында өз дегендерін жасап, көрсетілген қызметке бір тиын да төлеместен кете барған-мыс.

Бұл істі тексерген облыстық ішкі істер департаментінің қауіпсіздік қызметі әріптестеріне қатысты қылмыстық іс қозғапты. Сондай-ақ, ондағылар куәгерлердің айтқанын теріске шығарған.

"Қазіргі кезде тәртіптік жаза қолданылып, қызметкерлерді жұмысынан босату шаралары алынды. Бұдан бөлек кикілжің мәзірдің қаржысын төлемеу салдарынан емес, жаңағы кафенің иесі мен полиция қызметкерлерінің арасында болған келіспеушілік салдарынан болған. Ол азаматтар өзара туысқандық қарым-қатынаста", - Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.

Дереккөз: КТК телеарнасы

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети