Атырау полицейлері көшеден төрт жасар баланы тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау полицейлері көшеден төрт жасар баланы тапты © pxhere.com

Атырауда кәмелетке толмаған бала ешкімнің қарауынсыз қаланың орталық көшелерінде жүрген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда кәмелетке толмаған бала ешкімнің қарауынсыз қаланың орталық көшелерінде жүрген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Полицейлер баланы Сырым Датұлы көшесінен тапқан. Қатты қорқып қалған бала ата-анасының есімін және өзі туралы мәліметтерді айта алмаған. Сол кезде полицейлер баланың суретін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарата бастаған. 

"Баламен психолог жұмыс істеп жатқан уақытта, ата-анасы да табылды. Әкесі мен анасы туыстарына перзентханаға кетіп қалған екен, ал балалары Сырым Датұлы көшесінің бойындағы үйдің ауласында қалған. Ойнап жүріп, ол үйінен алыстап кеткен", - деді полиция өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети