Атырауда 150-ден аса мүмкіндігі шектеулі жанға тиесілі төлемақы төленбей келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 150-ден аса мүмкіндігі шектеулі жанға тиесілі төлемақы төленбей келген © Tengrinews

Атырау облысы Индер ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға 2 миллион теңге кем төленген, - деп хабарлайды ATPress.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы Индер ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға 2 миллион теңге кем төленген, - деп хабарлайды ATPress.kz

Басылым мәліметінше, Атырау облысы прокуратурасының сайтындағы ақпаратқа сәйкес Индер ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға заңнамада көрсетілген, мерекелік және атаулы күндерде берілетін әлеуметтік төлемдер жасалмаған.     

Бұл жағдай 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін орын алып, аудандық прокуратураның тексеруі кезінде анықталған. Қадағалау органының араласуынан кейін, 151 мүмкіндігі шектеулі жандарға екі миллион теңгеден аса сомада кепілді әлеуметтік көмек төленген. Жұмыспен қамтамасыз ету бөліміндегі кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети