Атырауда екі батыр анаға алқа табыс етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда екі батыр анаға алқа табыс етілді © Атырау облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі

Бүгін атыраулық қос анаға алтын және күміс алқа табысталды. Президенттің жарлығымен бекітілген алқаларды аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бүгін әйелдер қауымымен кездесу кезінде табыстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жеті бала туып тәрбиелегені үшін үй шаруасындағы ана Сағадат Балқасыноваға "Алтын алқа" ұсынылса, алты бала туып тәрбиелегені үшін Ләззат Шаxаева "Күміс алқаға" ие болды.

Салтанатты жиынға елге белгілі аналар Алтыншаш Жағанова, Ділдә Матайқызы, Айсұлу Көшекова, Рәшилә Мұрсалиевалар да шақырылған.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиылғандарға сыйлықтар табыстағаннан кейін аймақ әйелдерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети