Атыраудағы колледж түлектері видео үшін кешірім сұрады

Атыраудағы колледж түлектері видео үшін кешірім сұрады

О?у орныны? ?кімшілігіне ж?не педагогтеріне бала?ат с?здер айт?ан Атырауда?ы Каспий ма?ы заманауи колледжіні? т?лектері к?пшіліктен кешірім с?рады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу орнының әкімшілігіне және педагогтеріне балағат сөздер айтқан Атыраудағы Каспий маңы заманауи колледжінің түлектері көпшіліктен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өз қатесін көре білу және оны мойындау – жақсылыққа беталыстың, іштегі ұлы төңкерістің нышаны деп білемін. Пендіміз ғой... Кейде қателіктер жіберіп, қызғанышымыз қысып, өзімшілдігіміз өршеленіп, ашуымыз алқымымыздан алады, кейде бәлсіне қалады, паңдана түседі, жалқаулығы жар бермейтін сәттері де болады. Сол үшін Аллаhтан кешірім сұраймын және Оған тәубе етемін!! Аллаhтың өзі кешіргенде, біз кешірмейтін кім едік?! Ойланайық достар! Ойланайық! !", - делінген Instagram желісіндегі zello_atyrau парақшасында жарияланған роликтің сипаттамасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Атыраудағы колледж түлектерінің видеосы жайлы хабарланған болатын. Видеоның соңында түлектер оқу орнының әкімшілігі мен педагогтеріне қатысты балағат сөздер айтып, олардың бірі тіпті ортаңғы саусағын көрсетеді.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама