28 маусым 2017 14:11

Атыраудағы колледж түлектерінің видеосы Қазнетті шулатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраудағы Каспий маңы заманауи колледжінің түлектері түсірген видеоүндеу Қазнет қолданушыларын шулатты. Видеоның соңында түлектер оқу орнының әкімшілігі мен педагогтеріне қатысты балағат сөздер айтып, олардың бірі тіпті ортаңғы саусағын көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоның осыдан бірнеше апта бұрын түсірілгені белгілі болды. Ролик бастапқыда WhatsАpp мессенджерінде таралып, кейіннен әлеуметтік желілерде тарала бастаған.

ҚР БҒМ баспасөз қызметіндегілер колледж өкілдерінің бұл видео жайлы білетінін хабарлады. Олардың айтуынша, видео талқыланып, ҚР БҒМ департаменті осы видеомен айналысып жатыр.

"Біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби даму департаментінің директоры Насымжан Оспанова бірнеше кеңес берді. Біріншіден, Атырауда колледж басшыларымен жиналып, осы мәселені талқылау керек. Сондай-ақ, біз ата-аналардан балаларының осындай қылығы үшін кешірім сұрауын талап етеміз. Оларды дипломдарынан айыруға құқығымыз жоқ, бірақ қоғамдық айыптау керек", - деді ҚР БҒМ өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети