Атышулы Назар Роллан 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атышулы Назар Роллан 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген Назар Роллан 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген Назар Роллан 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот тыңдалымы Алматы қаласындағы әкімшілік сотта өтті. 20 жастағы алматылық бар кінәсін мойындады. Ол енді жарты жылдан кейін ЖЖЕ бойынша емтихан тапсыру тиіс.

"Емтиханды қайта тапсыру алты айдан кейін. Теория. Көлік жүргізудің қажеті болмайды. Жүргізуші куәлігін оқиғадан кейін жоғалтып алдым. Енді таксимен жүремін", - деді Назар Роллан. 

Еске сала кетейік, Алматыдағы әл-Фараби даңғылымен жолдың қарсы бағытында жүріп, жолда бірнеше рет маневр жасап, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып аты шыққан Назар Ролланның жеті тәулікке қамауға алынғаны хабарланған болатын және ол кеше, 16 қазанда босатылды

"1998 жылғы жүргізушіге қатысты 5 хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 1-бөлігі бойынша 1 қазанда Land Cruiser Prado автокөлігін - 28 қыркүйекте Lexus автомобилін мемлекеттік нөмірсіз жүргізу; үшінші хаттама - 596-бабы 3 бөлігі 28 қыркүйекте жолдың қарсы бетіне шығып кету; төртінші хаттама - маневр жасау және жолаушыларды тасымалдау - ол шанамен сырғанаған, бесінші хаттама - маневр жасау ережелерін бұзу. Іс материалдары сотқа жіберіледі, ол көлік жүргізу құқығынан айырылады. Барлық тағылған айыппен жүргізуші келісті", - деген еді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети