Ауа райы: 24-25 қарашада елдің оңтүстігінде күн күрт суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: 24-25 қарашада елдің оңтүстігінде күн күрт суытады ©ruconnect.co.uk

24-25 қарашада Қазақстанда күн суық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Елдің оңтүстігінде ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынды болуына байланысты төтенше ескерту жарияланды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

24-25 қарашада Қазақстанда күн суық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Елдің оңтүстігінде ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынды болуына байланысты төтенше ескерту жарияланды. 

"24 қарашада Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында жауын-шашынды (қарға ұласатын жаңбыр), солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ауысатын жел тұрады - 15-20, желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді. 25 қарашада түнде және күндіз ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 10-15, солтүстік облыстарда 18-23, Қызылорда облысында 10-15, кей жерлерде 20-25 аязды көрсетеді", - деді метеорологтар.

Олардың мәліметінше, 24-25 қарашада Ақтөбе облысында түнде ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 28 градус аяз болады, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облыстарында - 12-17-ге дейін, кей жерлерде 22 градус аязға жетеді, Маңғыстау облысында 10-15, кей жерлерде 18 градус аяз болады.

Алматыда 24-25 қарашада күшті қар көшкіні болжанып отыр. ТЖД мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді. 25 қарашада түнде 10-12 градусқа дейін суытады. "21 қарашада түнде Астанада қар жауады, боран, жел күші оңтүстік батыстан және батыстан секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 24 қарашада түнде және күндіз сынап бағанасы 26-28 градус аязды көрсетеді", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 25 қарашада түнде ауа температурасы 30 градус аязға жетуі мүмкін.

Еске сала кетейік, метереологтардың мәліметінше, 2013-2014 жылдарға қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суығырақ болады. Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын шашынға өзгеріп отырады. Ал нағыз тұрақты қалың қар жамылғысы бар дәстүрлі қыс айдың үшінші онкүндігінде келетіні айтылды. Метеорологтар желтоқсанды аумалы-төкпелі болатынын - қоңыр салқын суық - шығыс бөлікте, ал жылы ауа елдің батыс бөлігінде болатынын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети