Ауа райы: 25-27 қазан күндері қар жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: 25-27 қазан күндері қар жауады ©Тұрар Қазанғапов

25-27 қазан аралығында Қазақстанда күн қарлы болады, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының өзінде қарға ұласатын жаңбыр жауады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

25-27 қазан аралығында Қазақстанда күн қарлы болады, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының өзінде қарға ұласатын жаңбыр жауады.

"Республиканың оңтүстік және оңтүстік шығысында дүйсенбі күні, 27 қазанда қарға ұласатын жаңбыр жауады, ал таулы өңірлерде қалың қар жауып, түнде ауа температурасы 0-10 градус суық болады", - деді "Қазгидромет" мамандары. Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның солтүстік облыстарында қар орташа климаттық мерзімінен бір ай ерте түсті. Суық атмосфералық фронттармен байланысты болатын қар көшкіні мен 5-20 градус суық солтүстікте оның қар жамылғысының арта түсіп, ерімеуіне ықпал етеді.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК өз болжамдары бойынша қыста Қазақстанда суық болатынын хабарлаған болатын. "Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын шашынға өзгеріп отырады. 2013-2014 жылдардағы қысқа қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суығырақ болады", - деді "Қазгидромет" гидромет орталығының директоры Баян Сазанова. Сонымен қатар, оның айтуынша, көктемнің басы құбылмалы болады: қыстың жиі жауын-шашыны мен күшті желі көктемнің жылы әрі мамыражай күндерімен кезектесіп отырады. Оның айтуынша, күзде жылы күндер әлі де жалғасады. Мәселен, қарашаның бірінші екі онкүндігі салтыстырмалы түрде жылы және жауын-шашынды болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети