Ауа райы: 7-9 ақпан аралығында күн жыли түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: 7-9 ақпан аралығында күн жыли түседі ©svodor.ru

"Қазгидромет" РМК мамандары 7-9 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК мамандары 7-9 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"Қазақстан аумағына ауысқан оңтүстік-батыс ағындары бар циклондар жылылық пен жауын-шашынды алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде қар жауып, боран соғады, оңтүстік-батыстан соғатын күшті желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді, Қазақстанның оңтүстігі мен батысында дымқыл қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі", - деп хабарлайды синоптиктер. 

7-9 ақпан күндері республиканың барлық аумағында күндіз жылымық болады, оңтүстікте ауа температурасы 2-10 градусқа дейін жоғарылайды. "Мұндай температура климат нормасынан 3-8 градусқа жоғары болады", - дейді "Қазгидромет" мамандары.

Еске салайық, бұған дейін метеорологтер 3-5 ақпан күндері елімізде ауа температурасының орташа климат нормасынан 2-3 градусқа жоғары болатынын алдын ала хабарлаған еді. "Қазақстанның барлық аумағына ықпал еткен Сібір антициклоны біртіндеп ыдырап, шығысқа қарай ауысып барады. Аязды күндердің орнына біртіндеп әрі нық түрде оңтүстік пен батыстан жылы ауа массалары тарала бастады, олар алдағы үш күнде республикада ауа температурасының орташа климат нормасынан жоғарылауына, кей жерлерде, тіпті, 2-3 градусқа жоғары болуына әсер етеді, Қазақстанның шығысында ғана температура бұрынғысынша нормадан төмен болады", - деп хабарланған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети