Ауа райы: Алдағы күндер жауын-шашынды болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Алдағы күндер жауын-шашынды болады © selorodnoe.ru

Қыркүйектің 19-на дейін еліміздің басым аумағында жауын жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыркүйектің 19-на дейін еліміздің басым аумағында жауын жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда ауа райын белгілеген антициклон шығысқа қарай ауысып барады. Алайда оның орнына Ресейдің Еуропа аумағынан атмосфералық фронттар қайта келе жатыр.

"Осы фронттарға байланысты республиканың көптеген облысында бұлтты ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауып, ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады, бірақ үсік жүрмейді", - деді метеорологтар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қыркүйек айында жылы болатынын болжаған еді. Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасының орташа мәні нормаға сай болады, ал қалған өңірде 1 градусқа жоғарылайды деген болжам жасалған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети