Ауа райы: Циклонға байланысты еліміздің басым аумағында күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Циклонға байланысты еліміздің басым аумағында күн суытады © alau.kz

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 10-12 қазан аралығында циклонға байланысты республиканың басым аумағында күн суытады.

"Батыста, солтүстік-батыс пен солтүстікте күндізгі ауа температурасы 3-8 градус (+) болады. Ал оңтүстік-шығыс пен шығыста ыстық күндер әлі де сақталады, күндізгі температура 25-33 градусқа дейін көтеріледі. Алайда жұмыс аптасының алғашқы күндерінде ауа райы бұл аймақтарда да бұзылып, жаңбыр жауады және ыстықтың беті қайтады", - деп хабарлады синоптиктер.

Айта кетейік, метеорологтар үсікке байланысты ескерту жариялады - 9 қазан күні түнде Атырауда, 10-11 қазан күндері түнде Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус суық болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда қазан айында ауа райының құбылмалы болатыны хабарланған еді. Синоптиктердің мәлімдеуінше, қазан айының алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның ықпалында болады, осыған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети