Ауа райы: Демалыс күндері 42 градусқа дейін ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Демалыс күндері 42 градусқа дейін ыстық болады © novayagazeta-ug.ru

Қазақстанның басым аумағында алдағы демалыс күндері аптап ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның басым аумағында алдағы демалыс күндері аптап ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның бірқатар облысында ауа температурасы көпжылғы нормадан 5-10 градусқа жоғары болады. Мұндай ауа райы жоғары барийлі жотамен Таяу Шығыстан келетін ыстық ауамен байланысты болады.

"Ресейдің Еуропалық аумағынан жылжитын атмосфералық фронт ықпалында болуына қарамастан, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, бірақ демалыс күндері ауа температурасының төмендеуі күтілмейді. Бұрынғыдай күндізгі температура +30-35 градус, батыста және оңтүстікте +36-42 градус болады. Тек шығыс және оңтүстік-шығыста Сібір аудандарынан ауа келеді, сондықтан мұнда нормаға жақын температура сақталады және кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жаууы мүмкін", - дейді метеорологтар. 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети