Ауа райы: Демалыс күндері жаңбырлы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Демалыс күндері жаңбырлы болады ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 23-25 мамыр аралығында жаңбырлы ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 23-25 мамыр аралығында жаңбырлы ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың барлық дерлік аумағында жаңбыр туғызған циклон Шығыс Сібірге ауысып, онымен байланысты атмосфералық фронттар өзінің әсерін әлі сақтайды. "Сондықтан демалыс күндері көптеген облыстарда кей жерлерде найзағайлы және желдің жылдамдығы секундына 18-25 метрге дейін екпінді болады, жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Қазгидромет" өкілдерінің мәліметінше, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында кей жерлерде бұршақ, ал таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Температура орташа көп жылғы температурадан 2-5 градусқа төмен болады деп болжанды. Тек батыс облыстары жоғары атмосфералық қысым аясында болады, мұнда жауын-шашын болмайды және жексенбі және дүйсенбі күні ыстық болады, күндіз  30-35 градусқа дейін ыстық болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети