Ауа райы: Елімізде таяу күндері 31 градус аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Елімізде таяу күндері 31 градус аяз болады © xn----8sbiecm6bhdx8i.xn--p1ai

Таяу күндері еліміздің солтүстігінде үскірік аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяу күндері еліміздің солтүстігінде үскірік аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті.  

Синоптиктердің мәліметінше, Сібірдің солтүстік аудандарындағы антициклон еліміздің солтүстігіндегі ауа райына қатты ықпал етті. Соның салдарынан бірнеше күннен бері бұл өңірде ауа температурасы климаттық нормадан 5-10 градусқа төмен болып тұр.

"19-21 қараша аралығында антициклонның әсері күшейеді, соған байланысты ауа температурасы төмендеп, кей жерлерде 28-31 градус аяз болады", - деп хабарлады метеорологтар.

Айта кетейік, еліміздің оңтүстігіне Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон жылжиды. Осыған байланысты күн ала бұлтты болып, жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Алайда ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градусқа жоғары болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райының қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети