Ауа райы: Еліміздің басым аумағында 10 градусқа дейін суық болады

Ауа райы: Еліміздің басым аумағында 10 градусқа дейін суық болады © fonwall.ru

Қазақстанның басым аумағында 10 градусқа дейін суық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 15-17 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде жауын жауады.

"Тек батыс, орталық және шығыста күн ашық болады. Еліміздің бірқатар өңірінде түнгі ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендеп, тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 3-8 градус жылы болады. Күндізгі температура 5-10 градус (+), ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 12-20 градус жылы болады", - деп хабарлады синоптиктер.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер үсікке байланысты Қазақстанның үш облысында ескерту жариялаған болатын. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама