Ауа райы: Оңтүстікте аптап, солтүстікте түнгі мезгілде үсік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Оңтүстікте аптап, солтүстікте түнгі мезгілде үсік © kurer-sreda.ru

Синоптиктер 2016 жылдың 2-4 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2016 жылдың 2-4 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның солтүстік облыстарына қарай ығысқан антициклон, түнгі мезгілдері ауа температурасының төмендеуі мен кей жерлерінде үсік жүруіне әкелді. "Алдағы екі тәулікте оның әсері сақталады. Ал, Қазақстанның басқа аумақтары атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Оның әсерінен кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр, екпінді жел, жекелеген аудандарда бұршақ болуы мүмкін. Ауа температурасы көпжылдық климаттық норма деңгейінде болады. Ал солтүстікте ол межеден төменірек", - делінген хабарламада.

Ал осыған дейін синоптиктер маусым айында елімізде қандай ауа райының күтілетінін айтқан болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети