Ауа райы: Оңтүстікте температура 40 градустан жоғары болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Оңтүстікте температура 40 градустан жоғары болады © nebesa.biz

Синоптиктер 2017 жылғы 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2017 жылғы 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың болжамына қарағанда оңтүстікте температура 40 градустан жоғары көтеріледі.  

"Батыс Сібір арқылы бірінен кейін бірі белсенді циклондар көшуде.  Осылармен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы жылжып кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды желдің күші 15-25 м/с болады", - делінген хабарламада.

Ал республиканың батысы мен солтүстігінде фронттардың өтуімен ауа температурасы нормаға жақын және төмен болады деп күтіледі. Ал қалған аумақта ауа температурасы климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болып сақталады. Қазақстанның оңтүстігінде, алдағы тәуліктерде өте ыстық болады, осында күндізгі ауа температурасы 33-39ºС, кей жерлерде 40-45ºС болады деп болжанады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети