Ауа райы: Қазақстанда алдағы күндер салқындап, жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Қазақстанда алдағы күндер салқындап, жаңбыр жауады © Николай Колесников

Синоптиктер 2015 жылдың 20-22 тамызына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 2015 жылдың 20-22 тамызына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК өкілдерінің айтуынша, Қазақстандағы ыстық ауа-райымен байланыстағы тропосферадағы батыс ағындар солтүстік, солтүстік-батысқа ауысуды бастады.

"Солтүстіктегі теңіз аудандарынан келетін салқын және дымқыл ауа Алдыңғы Азиядан келетін ыстық және құрғақ ауаны ауыстырады. Сондықтан республикамыздың барлық дерлік аумағында жақын арадағы үш тәулікте әр жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын күшті ұйытқыма жел және температураның төмендеуі күтіліп отыр", - деді синоптиктер.

Өткен 18 тамызда, батыс облыстарды алмағанда, Қазақстандағы температураның ауытқуы нормадан 3-6 градусқа жоғары, ал солтүстік облыстарда 7-12 градусқа жоғары болса, енді 22 тамызда ол нормадан 3-6 градусқа төмен болады екен.

 
Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.75  course up  592.04  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети