Ауа райы: Сәуірдің соңғы күндері жылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Сәуірдің соңғы күндері жылы болады @Liveinternet.ru

Қазақстан аумағында таяу күндері күн жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан аумағында таяу күндері күн жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайды.

"Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс облыстары арқылы жексенбі күні өткен Оңтүстік Каспий циклоны Алматы облысының таулы аймақтарында өте қатты жаңбыр шақырды. Осы циклонның артынан Кавказдан антициклон таралады, сондықтан жақын арадағы үш тәулікте батыста және оңтүстікте жауын-шашын күтілмейді. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аудандары 28 сәуірде суық арктикалық фронттар ықпалында болады,  сондықтан жаңбыр, түнгі уақытта сулы қар әлі сақталады", - делінген хабарламада.

Метеорологтардың мәліметі бойынша, сәуірдің соңғы күндері республиканың барлық аумағында ауа температурасы шамамен 20 -30 градусқа дейін жылы болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети