Ауа райы: Таяуда күн суытып, бұршақ жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Таяуда күн суытып, бұршақ жауады © Николай Колесников

Таяу күндері еліміздің басым аумағында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жария етті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяу күндері еліміздің басым аумағында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, 10 қыркүйектен бастап батыста, ал 11 және 12 қыркүйектен бастап солтүстік пен орталықта күн суытады.

"Ираннан келген ауа массасының әсері солтүстікте және орталықта жақын арадағы тәулікте, ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста екі тәулік сақталады. Ал Қазақстанға Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік-батысынан суық атмосфералық фронттар ауысады, ол ақырындап шығысқа қарай жылжиды. Онымен бірге жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ және температураның төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда қыркүйек айында жылы болатыны хабарланған еді. Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасының орташа мәні нормаға сай болады, ал қалған өңірде 1 градусқа жоғарылайды деген болжам бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети