Ауа райы: Жылы күндерден соң аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Жылы күндерден соң аяз болады ©st-gdefon.com

Қазіргі жылы күндер аязды ауа райына өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" сайтына сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамынша, солтүстіктегі түнгі ауа температурасы 25-33 градусқа дейін төмендейді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі жылы күндер аязды ауа райына өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" сайтына сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамынша, солтүстіктегі түнгі ауа температурасы 25-33 градусқа дейін төмендейді.

"Орташа климаттық нормадан 8-18 градусқа жоғары болған ерекше жылы күндер қысқы қалыпты ауа райына өзгереді. Жерорта теңізінен келген жылы циклон шығысқа қарай ауысады, ал оның артынан Қазақстан аумағына арктикалық ауа массалары таралады", - делінген хабарламада. Олардың әсерінен 10-12 қаңтар күндері тек солтүстікте (түнде - 25-33 градус аяз) ғана емес, оңтүстік облыстарда да ауа температурасы төмендейді - 10-20 градус аяз болып, қар жауады, желдің жылдамдығы артып, боран соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" кәсіпорны 7-11 қаңтар күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының жайсыз болатынын ескерткен еді. 9 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады, оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасының Қостанай, Ақтөбе облыстарында 9 қаңтар күні, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 10 қаңтар күні, Шығыс Қазақстан облысында 11 қаңтар күні түнде 23-28 градус, кей жерлерде 33 градус аязға дейін төмендейтіні хабарланған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети