Синоптиктер 12 ақпанда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Синоптиктер 12 ақпанда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" орталығының хабарлауынша, ертең, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батысында қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста аздаған жауын-шашын болады. Қазақстанның басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман күтіледі, республиканың солтүстік-батысында бұрқасын болады.
"Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші секундына 18-23 метрге дейін жетеді, түнде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел соғады - секундына 15-20 метр. Маңғыстау облысында тұман, күндіз көктайғақ болады. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын мен тұман болады", - деді метеорологтар.
Сонымен қатар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.