11 наурыз 2018 | 16:24

Ауа райы: 12 наурызда еліміздің басым бөлігінде дауыл соғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sputnik / Виталий Аньков © Sputnik / Виталий Аньков

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, ертең, 12 наурызда еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын болады, оңтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын жауады. Қазақстан аймағының басым бөлігінде тұман түседі. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, дауыл болады.

"Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жыдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, кей жерлерде 25 метр болады. Жамбыл, күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, секундына 15-20 метр", - деп ескертті мамандар.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің екпіні секундына 15-20 метр, Ақтөбе облысының кей жерлерінде 18 метр болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети