13 сәуір 2015 14:52

Ауа райы: 14-16 сәуір аралығына болжам жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Николай Колесников ©Николай Колесников

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 14-16 сәуірге болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 14-16 сәуірге болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстанға Иран аудандарынан келген жылу демалыс күндері оңтүстік және шығыс облыстарында климаттық нормадан 10-15 градусқа жоғары температуралық аномалия тудырды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, синоптиктердің айтуынша, жексенбі күні осы аудандарда 2-5 градусқа артты. "Жақын арадағы үш тәулікте, Орта Азияда қалыптасқан циклон оңтүстік облыстардың ауа-райына әсер ететін болады. Мұнда найзағай және екпінді желмен жаңбыр күтіледі", - деді "Қазгидромет" РМК өкілдері. Республиканың қалған аумағы Ресейдің Еуропа бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Олармен кей жерлерде жаңбыр және желдің жылдамдығы секундына 13-18 метрге дейін күшейеді. Бірақ республикадағы температура бұрынғыдай осы кезеңгі нормадан 2-6 градусқа жоғары болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети