"Қазгидромет" орталығы жексенбі, 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" орталығы жексенбі, 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.
"Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі. Сонымен қатар, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейеді - секундына 15-20 метр", - деп ескертті мамандар.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде күндіз жел күшейеді деп күтілуде. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.