24-25 қарашада Қазақстанда күн суық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Елдің оңтүстігінде ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынды болуына байланысты төтенше ескерту жарияланды.
24-25 қарашада Қазақстанда күн суық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Елдің оңтүстігінде ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынды болуына байланысты төтенше ескерту жарияланды.
"24 қарашада Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында жауын-шашынды (қарға ұласатын жаңбыр), солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ауысатын жел тұрады - 15-20, желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді. 25 қарашада түнде және күндіз ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 10-15, солтүстік облыстарда 18-23, Қызылорда облысында 10-15, кей жерлерде 20-25 аязды көрсетеді", - деді метеорологтар.
Олардың мәліметінше, 24-25 қарашада Ақтөбе облысында түнде ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 28 градус аяз болады, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облыстарында - 12-17-ге дейін, кей жерлерде 22 градус аязға жетеді, Маңғыстау облысында 10-15, кей жерлерде 18 градус аяз болады.
Алматыда 24-25 қарашада күшті қар көшкіні болжанып отыр. ТЖД мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді. 25 қарашада түнде 10-12 градусқа дейін суытады. "21 қарашада түнде Астанада қар жауады, боран, жел күші оңтүстік батыстан және батыстан секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 24 қарашада түнде және күндіз сынап бағанасы 26-28 градус аязды көрсетеді", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 25 қарашада түнде ауа температурасы 30 градус аязға жетуі мүмкін.
Еске сала кетейік, метереологтардың мәліметінше, 2013-2014 жылдарға қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суығырақ болады. Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын шашынға өзгеріп отырады. Ал нағыз тұрақты қалың қар жамылғысы бар дәстүрлі қыс айдың үшінші онкүндігінде келетіні айтылды. Метеорологтар желтоқсанды аумалы-төкпелі болатынын - қоңыр салқын суық - шығыс бөлікте, ал жылы ауа елдің батыс бөлігінде болатынын айтты.