06 қазан 2014 | 22:28

Ауа райы: 7-9 қазанда күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото © Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Қазақстан аумағы бойынша жылжитын суық арктикалық фронт жауын-шашынның көп жаууына ықпал етіп, қазанның 7-сінен 9-ына дейін ел аумағының басым бөлігінде күн салқындайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан аумағы бойынша жылжитын суық арктикалық фронт жауын-шашынның көп жаууына ықпал етіп, қазанның 7-сінен 9-ына дейін ел аумағының басым бөлігінде күн салқындайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап. 

Орталықтың хабарлауына қарағанда, кей жерлерде жауын-шашынның арты қарға айналуы мүмкін. Солтүстікте екпінді жел тұрып, түнде 8 градусқа дейін суытады. Оңтүстікте түнде 3 градус суықтықты, ал күндіз 5 градус жылылықты көрсетеді. Тек республиканың батыс облыстарында антициклонның ықпалымен орташа температура сақталады. Яғни, температура жылдағы шамадан 1-3 градусқа жоғары болады.

Бұған дейін "Қазгидормет" қазанның басында күн жаймашуақ болатынын хабарлап, орташа температура нормасы сақталатынын да айтқан еді. "Қазанның бірінші он күндігінде Қазақстанда республиканың басым бөлігі жылы болады, жаймашуақ жаз күндері күтілуде", - деп мәлімдеген "Қазгидромет". Сондай-ақ, айдың басым бөлігінде жауын-шашын аз жауатыны да хабарланған. Күннің сууы мен жауын-шашынның қарға айналуы тек қазан айының ортасынан ары қарай болады деп болжанған. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети