Қазақстанда 2-4 ақпан аралығында жылы ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда 2-4 ақпан аралығында жылы ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Норвег теңізіндегі терең циклон шығысқа қарай жылжып, Атлантикадан ылғалдың үлкен қоры бар жылы ауа алып келеді. Осы циклонға байланысты жылы атмосфералық фронттар қарлы боранымен, батыстан соғатын күшті желімен, оңтүстікте және батыста көктайғақ болып, ауа температурасының көтерілуімен, батыс пен оңтүстікте сынап бағанасының нольден жоғары болуымен Қазақстанның территориясынан өтеді. Алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 3-7 градусқа дейін жоғары, ал республиканың оңтүстік бөлігінде 8-12 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында жылы, нормадан 1 градусқа жоғары болады. Тек оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы климаттық норма шамасында болатыны болжанды.