Алдағы үш тәулік ішінде республикада аяздың беті қайтып, ауа температурасы климат нормасынан 3-5 градусқа жоғары болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап.
Алдағы үш тәулік ішінде республикада аяздың беті қайтып, ауа температурасы климат нормасынан 3-5 градусқа жоғары болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, тропосферада қалыптасқан батыстың ауыспалы ауа массаларымен бірге Қазақстан аумағына Атлантикадан жылы және ылғалды ауа келеді. "Температураның көтерілуі республиканың барлық аумағында күтіледі, бірақ қар, әсіресе, солтүстік облыстарда жауады. Қазақстанның оңтүстік облыстары Иран аудандарынан келетін ауа массаларының ықпалында болады, ол күндізгі температураның 7-13 градусқа дейін, кей жерлерде 18 градусқа дейін көтерілуіне әкеліп соғады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Мамандардың болжамына қарағанда, осындай синоптикалық процестерден жақын арадағы үш тәулікте республикада ауа температурасы климат нормасынан 3-5 градусқа, оңтүстікте 10-15 градусқа жоғары болады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның екі облысында қатты аязға байланысты ескерту жарияланған еді. Қарағанды облысында 20 ақпан күні түнде ауа температурасының 28-33 градусқа дейін, Шығыс Қазақстан облысында 28-33, кей жерлерде 38 градусқа дейін төмендейтіні хабарланды. Ал оның алдында - 18-20 ақпан аралығында еліміздің алты облысында аяз күшейетіні ескертілді.