18 мамыр 2015 | 11:37

Ауа райы: Алдағы үш күнде жауын-шашын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы үш күнде еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алдағы үш күнде еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, ЕТР үстінде қалыптасқан циклонның әсерінен республиканың көптеген облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

"Желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы нормадан 2-3 градусқа төмендеп, аздап салқындайды", - деп хабарлады метеорологтар.

Еске сала кетейік, 16 мамырда Алматыда қатты дауыл тұрғаны хабарланған болатын. Қатты желдің салдарынан қаланың кейбір көшелерінде ағаштар құлап, электр сымдары үзілді. Ауа райындағы келеңсіздіктерге байланысты әуежайда бірнеше рейс тоқтатылды. Алматы қалалық ІІД хабарлауынша, дауыл кезінде желдің жылдамдығы секундына 11 метрге дейін жеткен. Қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети