16 қараша 2015 | 12:02

Ауа райы: Алдағы үш тәулікте оңтүстікте күн бұзылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kp40.ru © kp40.ru

Синоптиктер 17-19 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 17-19 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік бөлігіне, нағыз қысқы ауа райы орнады. Бұл аумақтың ауа райына Сібір антициклонының тармағы әсерін тигізіп отыр, осыған байланысты қар жауып, боран соғып, түнде 20 градусқа дейін суық болды.

"Ал Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті циклон құрылып жатыр. Ол республикамыздың оңтүстік аудандарына ығысатын болады. Сондықтан оңтүстікте жауын-шашын болып, қар аралас жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Айта кетейік, оңтүстікте түнде 0 градус, кей жерлерде 5 градус суық болады деген болжам бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райының қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети